Елімізде алдағы екі жылда 12 оңалту орталығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алдағы екі жылда 12 оңалту орталығы салынады

23.10.2023

Елімізде алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 12 оңалту орталығы салынады. Жыл басында Абай облысында ашылған осындай заманауи орталық қазір сәтті жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бой көтеретін әлеуметтік нысандар мұқтаж жандарға тәулік бойы қызмет көрсетеді деді өңірге барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі.

Семинар кеңеске жиналған мамандар алдымен жыл басында ашылған заманауи оңалту орталығының жұмысымен танысты. 150 орындық әлеуметтік нысан аз уақытта мұқтаж жандардың иглігне жарап үлгерді.

Жайсаңгүл Досболова, Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Баланы жас күнінен бастап оңалту шаралары және оңалту шаралары жүйелі түрде жүрген уақытта оның тиімділігі өте жоғары болады. Және біз бүгін экскурсия жасап көрдік, ішін барлығын қарадық. Медициналық әлеуметтік жақтан балаларға, келушілерге қызмет алушыларға өте ыңғайлы жағдайлар жасалынған.

Нұрзия Әлімбекова, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры /Алматы/:

Ерекше күтімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әрбір кластар бар. Яғни, білімдерін ары қарай жетілдіру, кәсіпке бейімдеу деген сияқты залдармен жабдықталған. Әрине, ондай ерекшеліктерді келешекте біз де соны өзіміздің тәжірибемізге ендірсек деген ойдамыз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасының бірлескен жобасы бар. Жиын барысында осы жоба шеңберінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі талқыланды.

Нәзгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Абай өңіріне келген себебіміз мемлекет басшысының тапсырмасымен үлкен, жаңа, заманауи оңалту орталықтары салынбақшы. Сондықтан оңалту орталығының жұмысы, оның ұйымдастырылуы, қандай мәселелер бар? Ол біздің өңірлердегі әріптестерімізді қызықтырып отыр. Сондықтан осы орталыққа келіп, өз көздерімен көріп, болашақта өздерінде салынатын оңалту орталықтарында осы жұмыс нәтижелерін есепке алу үшін, танысу үшін осы орталықта ұйымдастырып отырмыз.

Алдағы үш жылда елімізде 12 оңалту орталығы салынады. Ал Абай облысында осындай екі орталық ашу жоспарланып отыр.  

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу