Астанада алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы ашылды

23.10.2023

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың қатысуымен Астанада жаңа медициналық орталық ашылды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін республикалық орталық Астанадағы нөмірі 10-шы емхана негізінде жұмыс істейді. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, жаңа орталықта аурудың алдын алу және кез келген дертті бастапқы сатысында емдеуге қатысты озық тәжірибелерді қолдану көзделіп отыр.

Қаракөз Кенжебаева

Хабарламаларға жазылу