Өскеменде көне карталардың көремесі өтіп жатыр. Шараны Республика күні мерекесіне орай Қазіргі заман тарихи институты ұйымдастырды. XVI-XIX ғасырлардағы Еуропа және АҚШ-тың карталарындағы қазақ мемлекетіне қатысты сызбалар мен деректер де бар. Сол замандағы жер-су атуалары да нақты жазылған. Қазақ жеріне қатысты құжаттарды сол замандағы Еуропа мен АҚШ-тың саяхатшылары және дипломаттары қағаз бетіне түсірген. Кейін өз еліміздің ғалымдары көп жыл жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізіп, қазақ тарихына қатысты артефактілерді жинақтады. Енді бұл жұмыстарды ғылыми айналымға түсіріп, мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі тұр.
Ардагер Мұхит, ғалым:
Бұл карталар тарихи дерек көздерінің ішінде қомақты, ықпалды іргелі дерек көздерінің бірегейі. Біздің ұлттық бірегейлікті дамытуға,қалыптастыруға өзінің үлесін қосады деген үміттеміз.
Олжас Керейхан