Түркістан облысында шалғай ауылда балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шалғай ауылда балабақша ашылды

23.10.2023

Республика күні қарсаңында Түркістан облысының Келес ауданында жаңадан балабақша ашылды.

Өзбекстанмен шекаралас орналасқан 28 гвардия елдімекенінің 150-ге тарта енді өз ауылдарындағы мектепке дейінгі мекемеде тәрбие мен білім алады. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен ашылған балабақшаның құрылыс жұмыстары екі жыл бұрын басталып, биыл қолданысқа берілді. Жобаның жалпы құны 110 млн теңгені құрайды. Енді бұл бөбекжай балабақшаға 2 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 6 топқа баратын болады. Әрі ауылдағы 25 адам жұмыспен қамтылған. Айта кетейік, аудан бойынша 97 балабақша бар болса, оның 85-і жеке меншік. Мектепке дейінгі мекемелерге 10 600-ден аса бала барады.

Тұрсынай Аманжолова, ауыл тұрғыны:

Біздің немерелеріміз балабақшаға 10-15 шақырымға ұзаққа баратынбыз. өзіміздің көлігіміз жоқ жеке. Тасымалдайтын көлік жоқ, олар келгенше біз ойланып отыратынбыз. Қалай барып, қалай келеді деп. Міне қазір өзіміздің ауылдан ашылды. Осыған өте қуаныштымыз. Балаларымыз осы жерде ойнайды. Бізө өте қуаныштымыз.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу