Жамбыл облысындағы шалғай ауылда спорт кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы шалғай ауылда спорт кешені ашылды

05.11.2019

Жамбыл облысы Белбасар ауылында спорт кешені ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында шалғай ауылдан бой көтерген нысанда бір мезетте 400 бала жаттыға алады. 

Ел игілігіне берілген заманауи мәдени-спорт кешені әлемдік стандарттарға сай соғылған. Оның жалпы ауданы 2600 шаршы метр аумақты құрайды. Екі қабатты ғимаратта шағын футбол, баскетбол, волейбол, бокс, күрес және жаттығу секциялары орналасқан. Мұндағы бокс залына Серік Қонақбаевтың, күрес залына Бейбіт Ыстыбаевтың, Елдос Сметов пен Батыр Жүкенбайдың есімдері берілді. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу