Үкіметте инвестиция тарту мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте инвестиция тарту мәселесі қаралды

23.10.2023

Үкіметте Премьер-Министрдің төрағалығымен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселе қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов баяндағандай, өткен 9 айда өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға 1 трлн және 27 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға төмен. Премьер-Министр Ақмола облысында 9 айда инвестиция көлемі төмендеп кеткенін атап өтті. Сондай-ақ, 6 инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері бұзылып отыр. Мәселен, кірпіш зауытын салу жобасы 2021 жылдан бері созылып келеді. Әкімдік инвесторға балшық өндіруге лицензия бермеген. Сонымен қатар Маңғыстау облысында да 10 жобаны іске асыру мерзімі кейінге шегерілді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Әртүрлі себеппен инвестициялық жобалар іске аспай жатыр. Сіздер жол картасын бекітіп, сіздер жол картасын бекіттік, барлық проблеманы сонымен шештік деп ойлайсыздар. Сіздердің тараптардан үйлестіру жұмыстары керек. Тек жол картасын бекіту проблеманы шешпейді. Сіздер сол істерді қалай іске асып жатқанын бақылауларыңыз керек. Қандай проблемалар шешілмей жатыр. Содан өз тараптарыңыздан әкімдерге көмектесулеріңіз керек.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу