Азия ойындарында балуандар нашар өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында балуандар нашар өнер көрсетті

20.10.2023

Азия ойындарында грек-рим күресінен барған балуандар нашар өнер көрсетті. Функционалды және физикалық дайындығы әлсіз болды. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев спортшыларға осындай баға берді. Ведомство басшысы күрес түрінің, одан кейін су спорты федерациясының есебін тыңдады. Есеп беру жиынына грек-рим күресінен бас жаттықтырушы Юрий Мельниченко қатыспады. Сол үшін федерация басшылығына ескерту жасады. Жеке дайындық бағдарламасының жоқтығынан балуандар бірінші кезеңде күресіп, екінші кезеңде демігіп қалатынын сынға алды. Олқылықтарды жою үшін федерцияға Париж Олимпиадасында медальға ілігеді деген спортшылардың тізімін құрып, оларға толыққанды жағдай жасау тапсырылды.

Министр суда жүзушілер нәтижесіне қанағаттанарлық баға берді. Ал су добынан еліміздің ерлер құрамасы – Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары бола тұра, финалға шыға алмады. Маржықбаев су спорты федерациясына алдағы ойындарда дайындықты пысықтап, Олимпиада лицензиясын ұтып алу маңызды екенін айтты.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу