Қазақстанның саяси қадамы Еуропа назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның саяси қадамы Еуропа назарында

20.10.2023

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шыңжаң өлкесіне сапарын және оның нәтижелерін Еуропа саясаткерлері де назарда ұстап отыр. Польшаның Варшава университеті мен Қазақстанның қазіргі саясат институты қызметкерлерінің бас қосуында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты кеңінен талқыланды. Университет қабырғасында өткен кездесуге Түркітану орталығының мамандары және шығыстану факультетінің студенттері қатысты.

Людвика Влодык, Варшава университетінің профессоры:

Біз Қазақстанның қазіргі саясат институтымен әріптестікті нығайтып келеміз. Бүгінгі басқосуда Орталық Азиядағы алып елдің саяси бағытын пысықтап, Қазақстан басшысының соңғы уақыттағы сапарын талқыладық. Қазір бір-бірімен көрші елдердің күйін көріп отырмыз ғой, бұл реттегі Қазақстанның саяси қадамы бізді қызықтырады

Александр Шевченко, саясаттанушы, Варшава университеті Шығыс Еуропалық зерттеулер орталығының қызметкері:

Қазақстан үшін Қытаймен стратегиялық қарым-қатынас құрғаны маңызды. Бірақ Еуропа саясатаннушыларын мұндай қатынастың мазмұны мен сипаты қандай деген сұрақ қызықтырады. Қалай дегенмен де Қазақстанның геосаяси жағдайын ескере отырып, қос тарап маңызды саяси серіктестікті құруға құлық білдіріп отыр.

Аида Барлыбек


Хабарламаларға жазылу