Осыдан 28 жыл бұрын құрылған арнайы қызмет 1,5 млн астам адамның өміріне араша түсті. Кәсіби мамандардың біліктілігі мен шапшаң қимылдауының арқасында 400 мыңнан астам құтқарылды. 380 мыңнан астам адам төтенше жағдай орнаған түрлі аймақтардан қауіпсіз жерге көшірілді. 70 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Жедел-құтқару жасақтары елден тысқары аймақтарда да құтқару жұмыстарына қатысқанын да атап өту керек. Мәселен, таяуда ғана Түркия мен Ауғанстанда зілзала салдарымен күресіп,аянбай еңбек етті. Еліміздегі Азаматтық қорғау академиясы бүгінде 5 мыңнан астам кәсіби маман даярлап үлгеріпті. Биылғы жылдан бастап алғашқы рет курсант ретінде қыздар қабылданды.