Астанада Асқар Забикулинге арналған ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Асқар Забикулинге арналған ескерткіш қойылды

19.10.2023

Астанада үш адамды қызыл жалыннан арашалаймын деп ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған ескерткіш қойылды. Құтқарушының мүсіні елордадағы өзі қызмет еткен өрт сөндіру бекетінің алдына орналасқан.

Асқар Забикулин Астанада отқа оранған тұрғын үйден үш адамды құтқарып қалған. Өкінішке қарай, денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндірушіні дәрігерлер қанша тырысқанымен, аман алып қала алмады.


Сондай-ақ, құтқарушылар күніне орай Ақтөбеде үздік мамандарға құрмет көрсетілді

Қазір облыста мыңнан аса құтқарушы қызмет етеді. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, биыл өрт оқиғалары айтарлықтай азайған. Бұл – жоспарлы жұмыстардың нәтижесі. Құтқарушылар жыл басынан бері өрттен 80 адамды құтқарған. Бүгін осындай қиын сәттерде ерлік көрсеткен төтенше жағдайлар гарнизонының 12 қызметкері марапатталды.

Айбат Жаңабергенов, Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

Олар күндіз-түні өз кәсіптерінде елге қызмет жасайды. Айтатын болсақ, өрттерден, алапат судан құтқару, барлық төтенше жағдайлардың орталарында үздіксіз қызмет етеді. Сондықтан бүгін осы құтқарушыларға құрмет ретінде осы шара ұйымдастырылып отыр.



Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу