Таразда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды

15.08.2022

Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды.

Еңселі ескерткіш аты аңызға айналған тұлғаның туғанына 110 жыл толуына орай бой көтерді. Биіктігі тұғырымен қосқанда 8 метрге жуық. Бұл еліміз бойынша ашылған 5-ші ескерткіш. Салтанатты шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қайраткердің өмірінің соңғы жылдарында қасында болған генарл-лейтенат Амангелді Шабдарбаев, ұлы тұлғалардың еңбегін насихаттап, ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтау басты парызымыз деді.

Амангелді Шабдарбаев, генерал-лейтенант:

Иә, бұл тарихи күн. Ол кісінің бойы биік болса, мына ескерткіш те сондай биік болып тұр. Бүгінгі күнге Қазақстанда осындай биік, сұлу ескерткіш осы ескерткіш деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу