Қайрат Боранбаевтың үш бірдей компаниясы мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Боранбаевтың үш бірдей компаниясы мемлекетке қайтарылды

19.10.2023

Қайрат Боранбаев үш бірдей мұнай-газ компаниясын мемлекетке өткізді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Нарықтық құны 60 млрд теңгеге жуықтайтын «Қаражанбас Северный», «Азия Газ Чунджа», «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» кәсіпорындары қазір мемлекет меншігінде. Тауарлық газды сатумен айналысқан кен орнында 143 ұңғыма, 2,6 млн тонна мұнай мен 13,2 млн текше метр газ бар. Құзырлы орган өкілдері 6 жылға сотталған кәсіпкердің зауытында 740 адам жұмыс істеп жатқанын анықтады. 

Тәуірбек Бозекен 

Хабарламаларға жазылу