Елімізде МӘМС жүйесіне 3 млн адам тіркелмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде МӘМС жүйесіне 3 млн адам тіркелмеген

18.10.2023

3 млннан аса адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған. Олар заңды елейтін емес. Елдің бас дәрігері Ажар Ғиният мұндай азаматтарға медициналық қызмет көрсетілмейді деп мәлімдеді. Жүйеге тіркелу үшін жылына 42 мың теңге төлесе жеткілікті. Есесіне қымбат медициналық қызметтерді тегін алуға болады. Ал медициналық сақтандыруды төлей алмайтын, жұмысы жоқ адамдарды бюджет есебінен сақтандыру керек деген ұсыныс қосымша енгізілгенін айтты. Ал МӘМС жүйесіне тіркелген азаматтарға ешқандай шектеу жоқ. Қанша рет анализ тапсырса да, қанша рет емделсе де құқы бар.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Әрбір медициналық ұйымға берілетін қаражатта бір адамға осыншама қызмет көрсету керек деген қандай да бір шектеулер көрсетілмеген. Қандай да бір медициналық ұйым өздерінің ережесін қойып отыруы мүмкін. Сондықтан бақылау керек немесе арыз жазуға болады.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу