50 млн теңгеден артық табыс табатын қазақстандықтар еселеп салық төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50 млн теңгеден артық табыс табатын қазақстандықтар еселеп салық төлейді

18.10.2023

50 млн теңгеден артық табыс табатын қазақстандықтар еселеп салық төлейді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтің сөзінше, бұл – «сән-салтанаты салығы» аясында іске асады. Депозиттер мен бағалы қағаздар үшін де қосымша төлем қарастырылған. Алайда, мұның табысы төмен азаматтарға еш қатысы жоқ, - деді министр. Әзірге байлық салығын төлейтіндердің нақты тізімі жасалмаған. UBS қаржы холдингінің дерегіне сүйенсек, бүгінде 58 мыңға жуық қазақстандықтың жеке активі 1 млн доллардан асады. Сондай-ақ, 490 адамның меншігінде қымбат яхта бар. Бұған дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин жеке яхтасы мен ұшағы бар азаматтар небәрі 13 мың теңге салық төлейтінін айтқан болатын. Байлық салығын енгізу арқылы бұл төлемді ұлғайтуды көздеп отыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу