Тіл мамандары тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіл мамандары тәжірибе алмасты

17.10.2023

Елімізде мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Осы істі одан әрі жетілдіру үшін өзге елдердің озық тәжірибесімен танысып, барынша қолдану қажет. Еліміздегі «Тіл –қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бауырлас Түркия елімен бірлесе отырып, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқаруда. Мамандар тәжірибе алмасып, заманауи технологиялардың тілін қазақшалауға күш салып жатыр.

 Дәулеткерей Құсайынов, «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма басшысы:

Біздің мамандар түркітілдес мемлекеттерге арнайы іссапарға шығады. Жақында Түркияға барады. Сол жақта осы бағыттағы тіл үйрету, тіл оқыту тәжірибелелерімен танысады. Бұл бағытта «Абай институт» құрылған. Ол институт өз алдына отау болып шығып, олар да осы жұмыспен айналысып жатыр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу