Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Комиссия құрамынан 11 адам шығарылды. Бос орындарды министрлер Аида Балаева, Ажар Ғиният, Светлана Жақыпова, Ержан Сәденов, Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Әлия Ехласова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева иеленді.
Торғын Оспанбаева