Адвокаттардың біліктілігін арттырып, мәртебесін өсіру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адвокаттардың біліктілігін арттырып, мәртебесін өсіру қажет

15.06.2017

Бүгін, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында осындай ой айтылды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, адвокат қызметіне негізінен соттан не құқық қорғау орындарынан қуылған тұлғалар ғана барады. Нәтижесінде азаматтардың құқықтары аяқасты болып жатады. Қазір елімізде 4 мыңнан астам қорғаушы тіркелген. Бұл аз. Олардың санын арттыру үшін рұқсат беру шарасы жеңілдетілмек. Әрі заңгерлердің жауапкершілігін сақтандыру тәжірибеге енгізілмек. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу