Ақмола облысында зауыт өнімінің 80% шетелге экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында зауыт өнімінің 80% шетелге экспортталады

13.10.2023

Ақмола облысындағы жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыттың жобалық қуаты алдағы екі жылда 1,5 есеге артады. Сала мамандары өндірісті шетелдік озық тәжірбиеге сүйеніп, дамытпақ. Кәсіпорын жылына 34 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Зауыттағы қондырғылардың түгелі дерлік автоматтандырылған. Көбі шетелдерден әкелінген. Сондықтан адам күшін аса талап етпейді. Озық әрі тиімді әдіс амалдардың арқасында шығарылатын материалдардың сапасы да анағұрлым жақсарып отыр. Осының арқасында өнімнің 80 пайызы шетелдерге экспортталады.

Жасұлан Мұхаметжан, Макинск жылу оқшаулау зауытының директоры:

Жақында біз немістің озық үлгідегі қондырғысын іске қостық. Осының арқасында зауыттан шыққан зиянды қалдықтар қайта өңделеді. Ол біздің экологиямызға да оң әсер етіп отыр. Сондай-ақ, біз жұмысқа шетелдік мамандарды тартып жатырмыз. Оларға төленетін жалақының 40 пайызын мемлекет субсидиялайды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу