Жалға берілетін пәтерді кімдер сатып ала алады? Министр жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалға берілетін пәтерді кімдер сатып ала алады? Министр жауап берді

12.10.2023

Жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйді сатып алуға кімдер үміткер бола алады? Бұл сауалға Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді. Мәселе жуық арада шешіледі деді ведомство басшысы. Тұрғын үйді жекешелендіру үшін заңнамалық түзетулер енгізген. Енді Құжат Үкіметтен Мәжілістің қарауында жіберілді. Министрліктің нормативтік-құқықтық базасында заңнамалық өзгерістер мен түзетулер бар дейді. Пәтерлерде тұратын адамдар бірінші кезектегі құқыққа ие болады. Яғни сол үйде 5 жыл тұруы шарт. Сонда ғана жалға алған тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік алады. Министр, қазір пәтерді нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алуға рұқсат беру қаралып жатқанын жеткізді.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Әзірге бұл механизмнің түпкілікті іске асуы туралы айтуға әлі ерте. Біз тек Мәжілістің қарауына бердік. Бұл түзету Мәжілісте қолдау табады деп сенемін және біз осы пәтерлерде тұратын адамдарға толыққанды иеленуге мүмкіндік бере аламыз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу