«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,5 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,5 млн теңге айыппұл салынды

12.10.2023

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,5 миллион теңге айыппұл салынды. Компания кәсіпкерлерлік нысандарды жылу желілерінен заңсыз ажыратқан. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне бизнес өкілдерінен шағым түскен. Соның негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Себебі компания жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ сарқынды суларды ағызу қызметтерін көрсетеді. Тексеру кезінде кәсіпкерлік нысандардың жылудан ажыратылғаны расталған. Енді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысына сәйкес айыппұл төлейтін болады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу