Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Герат қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетеді. Сонымен қатар Шымкент әуежайынан аттанған бортқа гуманитарлық көмек тиелді. Астана мен Шымкенттен медициналық бұйымдар мен дәрілік аппараттар, ал Алматыдан шатырлар тиелді. Бүгін Ауғанстанның батысында тағы да жер сілкінді. Қуаты 6,3 баллдық зілзаланың ошағы Герат қаласынан 28 шақырым қашықтықта анықталған. Бірақ оның зардабы әзірге белгісіз. Ал, өткен сенбі күні дәл осы Герат провинциясында 6,3 балдық дүмпуден 20 ауыл жермен-жексен болды. 2 мыңға жуық үй қирап, 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Сол кезде баспаналарынан айрылған сан мың тұрғын әлі далада түнеп жатыр.
Арыстан Рысбек