Израиль Газада хамастықтардан кек алу операциясын жалғастырып жатыр. Өткен түні оның әуе күштері мұнда 200-ден астам нысанды бомбалап, ғимараттарды жермен-жексен етті. Израиль секторды толық блокадаға алып, оған азық-түлік, жанармай, ауызсу және электр қуатын бермей отыр. Бұған қоса, Израиль әскерге шақырылған резервистер санын 360 мыңға жеткізіп, Газаның айналасына танкілерін шоғырландырды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұның бәрі құрлықтық операцияға дайындық болуы мүмкін. Құрбандар саны 2 мыңнан асып кеткен. Солардың 1200-і – израильдіктер, 900-і – палестиналықтар. Естеріңізге сала кетсек, Хамас Израильге сенбінің таңында басып кіріп, оның оңтүстігіндегі қалаларды қанға бөктірді. Исламдық қозғалыс бұл шабуылды палестиналықтардың жерін жаулап, Газаны 16 жыл бойы оқшаулаған Израильге қарсылық ретінде ұйымдастырыпты.
Арыстан Рысбек