Еліміздегі 650 елді-мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл мәселе медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салу арқылы шешу қажеттігі Президент Жолдауында айтылды. Осы орайда, Абай облысында екі жыл ішінде 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны бой көтермек. Ол үшін 10,8 миллиард теңге бөлінді. Өйткені, өңірде 40 ауылда медициналық мекеме мүлдем жоқ.
Қазір дәрігерлік амбулатория, емханалар құрлысы басталып кеткен. Ал тозығы жетіп тұрғандары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Солардың бірі – Қытаймен шекарада орналасқан Бақты ауылының дәрігерлік амбулаториясы. Ол толықтай жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді. 3000 халыққа қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде медициналық жәрдем беріле бастағандықтан, халық арасында аурушаңдық төмендеп, демографиялық өсім көбейді, дейді мамандар.
Заида Зейнолданқызы, дәрігерлік амбулаторияның аға медбикесі:
Күрделі жөндеу жүргізіліп, осыған орналастық. Кеден бар, әскери бөлім бар. Солардың бәріне қызмет көрсетеміз. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша бала туу 38 болса, 2023 жылғы 9 айлықта бала өсімі 40-қа дейін көтерілді.
Ержан Жақып