Еңбекші қазақ ауданында мектепте оқушы құлап, жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбекші қазақ ауданында мектепте оқушы құлап, жарақат алды

10.10.2023

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы орта мектептің бірінде, оқушы құлап жарақат алған. Орын алған оқыс жағдайдың салдарынан, жеткіншектің тоқ ішегіне ота жасалды. Қазір оқушының өміріне қауіп жоқ, дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Жарқын Нұрланұлы, Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы:

Ойын балалары ретінде ойнап жүріп, бір баланы итеріп қалған кезде партаға құлап, зақымдалған болатын. Партаның астындағы проводтарды қамтамасыз ету үшін қойылған штырьларға құлаған. Бала ауруханада ем-домын алып жатыр. Бұл жағдай бойынша аудандық білім бөлімінің тарапынан оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептерге ескерту берілді.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу