Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті

09.10.2023

Бұл – Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX Азия ойындарының жабылу салтанаты. Оны тамашалауға мыңдаған адам жиналды. 16 күнге созылған жарысқа, әлемнің 45 елінен 12 мыңнан астам атлет қатысты. Олар спорттың 40 түрінен бақ сынасты. Соның ішінде қазақстандықтар жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді. Ұлттық қүрама 80 жүлде иеленді. Бірінші, екінші, үшінші орындар сәйкесінше Қытай, Жапония, Корея командаларына бұйырды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу