Димаш Құдайберген әлемдегі санаулы таланттардың бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген әлемдегі санаулы таланттардың бірі

10.02.2017

«Димаш Құдайберген әлемдегі санаулы таланттардың бірі. Ал, Қазақстанда Димаштың дауысына тең келер ешкім жоқ». Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Мәдениет және спорт министрлігінің мамандарымен өткен баспасөз жиынында еліміздің өнер қайраткері Айман Мұсақожаева айтты.

Димаш қазір Қазақ Ұлттық өнер университетінің III курсында оқиды. Осы білім ордасы атынан жақында «Канн» фестиваліне қатысып, концерт береді деп жоспарланған. Одан бөлек, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы вокал академиясына 120 күндік оқуға барады.

 


Ғабит ҰЗАҚБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу