Қала әкімдерін сайлау: 249 үміткер сайлауға түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала әкімдерін сайлау: 249 үміткер сайлауға түседі

06.10.2023

5 қарашада пилоттық режимде еліміздегі 42 аудан мен облыстық маңызы бар үш қала әкімдерін сайлау өтеді. Бүгін орталық сайлау комиссиясында алдағы ұйымдастыру және өткізуге қатысты жиын өтті. Жалпы, қазір 249 үміткер анықталды. Оның 64 пайызы – өзін-өзі ұсынғандар. Ең үлкен бәсекелестік - бір орынға тоғыз үміткер. Ал, ең төменгісі - бір орынға үш кандидат. Үміткерлердің орташа жасы – 47. Жасы егде кандидат 62-де болса, ең жас үміткер - 27-де. Ал, 249 үміткердің тек 13-і – әйел.

Константин Петров, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

Үміткерлердің 63 пайызы әртүрлі деңгейдегі жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер, шамамен 15 пайызы – коммерциялық құрылым өкілдері, 10 пайызы –бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және 7 пайызы - уақытша жұмыс істемейтін азаматтар.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу