А.Перуашев: Ауыл әкімдерін сайлау қала және облыс әкімдерін сайлауға жалғасуы тиіс

22.09.2020

Ауыл әкімдерін сайлау туралы Президент бастамасы қала және облыс әкімдерін сайлауға жалғасуы тиіс. «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев осындай пікір айтты. Қазір ауыл әкімдерін мәслихаттар сайлап жүр. Олар әлбетте тек өздері қалаған кандидаттарды ұсынады. Ал, Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асса, өңірді көркейтуге мүдделі азаматтар таңдалады. Сондай-ақ, партия төрағасы Президенттің «Бәсекелестікті дамыту және қорғау туралы агенттік» құру шешімін дәл қазір өте қажетті бастама деп есептейді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- «Ақ жол» депутаттар фракциясының 2019 жылғы 4 желтоқсанда қазіргі жағдайда нарықтық емес, мемлекеттік-монополистік жүйеге айналған деп баға беріп, Үкіметтен бәсекелестікті қорғауды сұрадық. Бірақ, ол кезде Үкімет «бәрі бақылауда» тұр деп жауап берді. Ал, Президент атқарушы биліктен гөрі депуттар пікіріне жақын екенін көрсетті. Үкіметтен тәуелсіз тұратын агенттікті құру нарықтық негіздерге қайта оралудың жолы деп білеміз.

Осындай бастамалар бірінші кезекте кәсіпкерлер үшін маңызды. Әсіресе, Президенттің «шағын және орта бизнесті несиелеудегі пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға субсидиялау» шешімін партиялықтар бизнеске үлкен көмек деп санайды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлар үшін қосымша құн салығын төмендету шешімі құптарлық. Өйткені, «Ақ жол» фракциясы салықтың дифференцалдық мөлшерлемесін енгізуді бұрыннан ұсынып жүр. 

Амангелді Сейітхан 


Хабарламаларға жазылу