Солтүстік Қазақстан облысында жалған құжат жасағаны үшін жауапқа тартылды
Солтүстік Қазақстан облысында жалған ветеринариялық құжаттарды жасаған 24 маман жауапқа тартылды. Тимирязев, Мамлют және Аққайың аудандарында мал дәрігерлері үй жануарларына жұқпалы ауруларға қарсы жасалатын тегін екпені салмаған. Ал қағаз жүзінде жұмыстың атқарылғанын көрсеткен. Актілерге мал иелерінің атынан белгісіз біреулер қол қойған. Сонымен қатар, диагностикалық зерттеулер толық жүргізілмеген. Саудаға шығарылатын ет өнімдеріне берілетін анықтама қағаздарын да қолдан жасаған. Облыс прокурорлары жүргізген тексеріс нәтижесінде 4 бірдей қылмыстық іс қозғалды.
Айтуған Қасқырбаев, СҚО прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:
24 адам, оның ішінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 75 мың теңгенің вакцинасы есептен шығарылғаны анықталды. Айыптылар бұл соманы өтеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Актілерге өзгенің атынан кім қол қойғаны анықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:25
Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:22
Ресей мен Беларусьті 2026 жылы Паралимпиада ойындарына қатыстырмайды
24.10.2025, 13:19
Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты
24.10.2025, 13:17
Алматыда дроппер-әйел ұсталды
24.10.2025, 13:14
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
24.10.2025, 13:11
Қазақстан – цифрлық технология саласында көшбасшы
24.10.2025, 13:08
Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
24.10.2025, 13:05