Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Бір адам қайтыс болды, 6 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік апаты Кеген ауданы, Саты ауылдық округі аумағындағы «Қайыңды-Саты» таулы автожолында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «УАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Нұрсұлтан Тілектес