Жамбыл облысы тұрғындарын көгілдір отын кіргізіп бермек болған компания алдап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы тұрғындарын көгілдір отын кіргізіп бермек болған компания алдап кеткен

04.10.2023

«73 млн теңге алған қос бірдей компания ауылды алдап кетті». Жамбыл облысының Қордай ауданы, Қарасу ауылының тұрғындары «көгілдір отын кіргізіп беремін» деген серіктестікке сұрау салды. Айтуларынша, осыдан сегіз жыл бұрын «Қордай Газ Инвест» серіктестігі 80-ге жуық тұрғыннан 18 млн теңгеден астам қаржы жинап алған. Алайда, жұмысты аяғына дейін жеткізбеген. Кейін сот шешімі шықса да, мердігер міндетін орындамады дейді көпшлік. Ал үш жыл бұрын жаңа компания келіп, елден 55 млн теңге тағы жинап алады. Соңғы сиырымызды сатып ақша бердік деген 500 адам әлі күнге көгілдір отынның жоғына наразы.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, алдыңғы компания 7,5 шақырымға құбыр жүргізген. Бірақ «ҚазТрансГаз Аймақ» талапқа сай емес деп қабылдамаған. Ал кейін келген серіктестік құрылыс материалдарының кешіккені қолды байлады дейді. Қазір олар мыңнан астам үйдің жартысына құбыр тартқан. Әзірге тек 130 үй газ жағып отыр. Қалғаны тезек теріп, көмір жағады.

Рүстем Айтбеков, серіктестік директорының орынбасары:

Біз ауылды 50% газдандырып қойдық жаңа құбырлармен. Енді қалған 50 пайыз бұрынғы салынған құбырларға келіп тұрмыз. Бірақ оны біз вскрытиемен қазып алу жұмысын жасап жатырмыз. 500 үйдің жағдайлары келгенше биылға 300-і газ қолданатын шығар деп отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу