Жер сілкінісінен кейін оңтүстік өңірде газ құбырларының жарылу қаупі туындаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сілкінісінен кейін оңтүстік өңірде газ құбырларының жарылу қаупі туындаған

01.02.2024

Оңтүстік өңірлерде қаңтар айында болған жер сілкінісінен кейін газ құбырларының жарылу қаупі туындаған. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мәліметінше, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Жамбыл және Түркістан облыстарында газдың ауаға таралуы сияқты жағдайлар болған. Мәселен, жер сілкінісінің алғашқы күні Түркістан облысының Ордабасы ауданында орташа қысымды жерасты газ құбырында газдың ауаға таралып жатқаны анықталған. Салдарынан аталған ауданның 7 елдімекеніне газ беру уақытша тоқтатылып, шұғыл түрде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, Алматыда газдың ауаға таралуы мобильді зертхана арқылы анықталған. Газ құбырындағы ақауды қалпына келтіру үшін 170 жеке үй көгілдір отыннан уақытша ажыратылды. Компания мамандары барлық шұғыл жұмыстарды атқару арқылы көгілдір отын тұтынушыларға қайта берілді.


Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу