Қазақтың ұлттық тағамдарының дайындалуына шетелдік аспаздардың қызуғушылығы жоғары. Елордада өтіп жатқан AstauFest-2023 төртінші халықаралық гастрономиялық фестивалінде сарапшылар осындай пікір білдірді. Шара «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» мен Астана Білім басқармасының қолдауымен өтіп жатыр. Халықаралық фестивальді арна тілшісі Ақмаржан Ғафизқызы көріп келді.
AstauFest – дәстүрлі шара. Биыл төртінші рет ұйымдастырлып отыр. Бұл шетелдердің белгілі аспаздарын, кондитерлері мен даяшыларын бір алаңда тоғыстыратын фестиваль. Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Корея, Якутия елдерінен 100-ден астам маман келіп қатысып жатыр. Тамақ индустриясы жиі өзгереді, сондықтан мұндай шараның маңызы зор дейді, ұйымдастырушылар.
Зәуре Қылышбаева, Астана қалалық «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» директоры:
Осы жылғы халықаралық гастрономиялық фестивальдің бірден-бір ерекшелігі әр мемлекеттің дала аспасы деген номинациямен , даладағы өнімді ұсынамыз .0600 Жыл өткен сайын бұл фестивальге қызығушылық жоғары.
Байқауда әр елдің аспаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар өзі дайындаған тағамындары арқылы кәсіби деңгейлерін көрсетті. Сарапшылардың айтуынша қазір ұлттық тағамдарымызға берілетін баға жоғары.
Әділхан Серікханов, бас сарапшы:
Бірінші баға – санитарлық орны. Екінші баға – креативтілігі. Үшінші баға – профессианализм. Төртінші баға – ол тамақтың дәмі. Біздің қазақтың балалары шұжық, әсіп деген тамақты қазіргі өмірге сәйкес дайындап жатыр. Мен соған таңқалдым. Қазіргі таңда ұлттық тағамдарға көп көңіл бөлеміз.
Талибджан Умиралиев, Өзбекстан Республикасы аспаздар қауымдастығының бас технологы, сарапшы:
Орталық Азия мемлекеттерінің тағамдары бір-біріне ұқсас. Мысалы, қазақ халықының ет тағамын, бауырсақтарын Өзбекстанда дайындаймыз. Алайда, қазақтың ұлттық тағамы – етті Орталық Азияда бірде бір ел тура сіздердегідей дайындай алмайды. Оның дәмі ерекше.
Фестивальде шеберлік сыныптары да өтеді. Шара кретивті мамандардың идеялары мен тәжірибесін қазақстандық білім беру саласына енгізуге мүмкіндік береді. Шараға мұрындық болып отырған Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі аспаздық пен қызмет көрсету аясындағы алдыңғы қатарлы колледж болып табылады.