Президент Астананың индустриалды нысандарын аралап, бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған «Қазақстан Прамаунт ИнжиНИринг» зауытының жұмысымен танысты.
Компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Мемлекет басшысы осы саланы ілгерілетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтіп, компанияны қорғаныс өнеркәсібіне маманданған отандық кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты атсалысуға шақырды.