Алексей Луценко - Азия ойындарының жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Луценко - Азия ойындарының жеңімпазы

03.10.2023

Бұл ел қоржынына кезекті алтын жүлде салған велошабандоз Алексей Луценконың жеңісті сәті. Спортшы бүгін тасжолдағы жарыста қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Алексей 40 шақырымды 48 минутта жүріп өтті. Ал екінші және үшінші орынды иеленген шабандоздар 2 минутқа қалып кеткен. Бұл ел қоржынына түскен бесінші алтын. Азиада жеңімпазы да бұған дейінгі Инчхон мен Жакартадағы ойындарында алтын жүлде алған.

Алексей Луценко, Азия ойындарының чемпионы:

Жарыс ойдағыдай өтті. Азия ойындары мен үшін биыл басты бәсеке. Мақсатқа қол жеткіздік. Бұнымен жарыс аяқталмайды. Бейсенбі күні топтық жарыс. Біздің командамыз өте мықты. Тағы да топ жарамыз деген сенімдемін.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу