Азия ойындарының кезекті күні мәреге жетті. Жерлестеріміз дүйсенбіні жеңіспен бастады. Спортшыларымыздың нәтижесі қандай?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бүгін ескек есушілер ерледі. Алты финалдың бесеуіне қатысып, жүлде санын еселеді. Алтын да, күміс те, қола да бар. Бұдан бөлек, бүгін гимнасшылар қоржынға медаль салып, бірнеше спортшымыз Олимпиадаға лицензия алды.