Павлодарда студентті ұрған мұғалімге қатысты іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда студентті ұрған мұғалімге қатысты іс қозғалды

02.10.2023

Павлодарда студентті ұрып «тәртіпке салған» колледж мұғалімі жұмыстан қуылды.

Қазір істі полиция тексеріп жатыр. Дерекке қарағанда монтаждау колледжінің арнайы тәртіп пәнінің мұғалімі шәкірттерін бұған дейін де ұрып тәрбиелеп келген. Тіпті, жасөспірім қыздарды қоймаға қамап тастап, жөнге салмақ болған деген ақпарат тарады. Соңғы уақытта дәл осы оқу орнынынан 24 қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткен.

Ата-аналар мен қоғамдық ұйымдар құзырлы органдардан колледжді кешенді тексеру керектігін талап етуде.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу