Нью-Йорк көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк көшелерін су басты

30.09.2023

АҚШ-тың ірі қаласы Нью-Йоркте төпелеп жауған жаңбыр соңы үлкен тасқынға ұласты. Осының салдарынан көшелер өзенге айналып, метро қызметі тежеліп отыр. Сонымен қатар, үйлелдің астыңғы қабатын да су басқан.

Апаттан Манхэттен, Бруклин және Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежай орналасқан аудандар да зардап шекті. Дегенмен, қаза тапқан немесе жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу