Бүгін Астанада аялдамада тұрған адамдарды көлік соқты. Қалалық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша оқиға сағат 8:31-де болған. «Mеrcedes-Benz» автокөлігі жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан «Mazda» көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен тұрғындар медициналық мекемеге жеткізілді. Жол апатынан ешкім қаза тапқан жоқ. Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр.