Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі

29.09.2023

Германия Қазақстанды орталық Азиядағы негізгі серіктес ретінде таниды. Президент жанындағы ғылыми зерттеулер институты сарапшылары осылай деді. Оған екі ел арасындағы тауар айналымы мен құйылған инвестицияның көлемі дәлел.

Серік Молдағалиев, сарапшы:

Өз жолдауында Президент айтқандай Қазақстанға біздің игерілмеген кен орындарын игеру қажет. Сол себептен біз ішкі кәсіпкерлерімізді немесе шетелден инвестиция тартуды дамыту керекпіз. Ал ресми сапарлардың барлығы соның ішінде мына Германия еліне барып тұрғаны Қазақстанға инвестиция тарту. Және Германияның ірі-ірі кәсіпорындарымен келісімшартқа отырып, біздерге шақырып, өз өнімдерін бізде шығаруға сондай бір ниет.

Ерболат Сейлеханов, Қр Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

Соңғы 1 жылда Германияның сауда серіктестері тізімінде Қазақстан 10 сатыға көтерілді. Қазір 43 сатыда тұрмыз. Ал Орталық Азиямен тауар айналымының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Осының негізінде Берлин Қазақстанды бас серіктес ретінде таниды. Ал, Президенттің сапарынан кейін екі ел арасындағы байланыс одан әрі дами береді деген сенім бар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу