Шымкенттік инженерлер алып автотрансфоматор құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік инженерлер алып автотрансфоматор құрастырды

27.09.2023

Электр машина жасау ісімен айналысатын шымкенттік инженерлер бұрын соңды Орта Азияда шығарылмаған ең үлкен, алып автотрансфоматор құрастырып шықты. Кернеуі 500 килловольт болатын мұндай қондырғы энергияны транзиттік тасымалдау кезінде пайдаланылады. Бұл Президенттің биылғы Жолдауында айтылған көрші елдердің электр қуатына тәуелдіктен арылуға және энергия көзін арттыруға сеп болмақ.

Алып трансформатордың салмағы 295 тонна. Биіктігі 10 метрден асады. Жергілікті констурукторлар өз тәжірбиесіне сүйене отырып, оны 6 айдың ішінде құрастырып шықты. Трансформатор жоғары кернеудің арқасында 250 мегаватт қуатты аз шығынмен мыңдаған шақырымға шығынсыз тасымалдауға мүмкіндік береді.

Омар Асанов, зауыттың басқарма төрағасы:

Сынақ нәтижесі бойынша бұрынғы осындай аналогтағы өніммен салыстырғанда өзіндік шығыны 40 пайызға төмен болып шықты. Сол себепті Қазақстанда бұған сұраныс өте жоғары

Ал Кентау трансформатор зауытында робот технологияны пайдалану мен өндірісті автоматтандыру ісі жанданып келеді. Темір қаңқаларды өлшеу, кесу, орамдарды дайындау ісі толықтай солардың күшімен атқарылады. Ал робот дәнекерлеуші бір жұмысшының күні бойы атқарған жұмысын 20 минутта орындайды.

Бауыржан Боранбаев, оператор:

Бұл трансфатордың басты артықшылығы жылдам жұмыс істеуінде және сапасының жоғары болуында. Түп-түзу дәнекерлейді. Төрт адамның қызметін жалғыз өзі атқарады. Күніне 20 шақты бак шығаруға болады.

64 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде 400 түрлі өнім шығарады. Оның ішінде майсыз, құрғақ трансформаторлар өндірісі де бар.

Кентауда шығарылып жатқан құрғақ трансформаторларға әзірге Орта Азияда баламасы жоқ. Өйткені мұны зауыт конструкторлары өздері құрастырған. Оның артықшылығы отқа төзімді. Соның арқасында өзгелерге қарағанда өртену қауіптілігі 30-40 пайызға төмен. Кәсіпорын жылына мұндай электр бұйымының 700-ге жуығын құрастыруда.

Зауыт бүгінде өз өнімдерінің 40 пайызын шетелдерге экспорттап отыр. Оның ішінде ТМД мемлекеттерінен бөлек шығыс Еуропа елдеріне де жіберіледі.

Бауыржан Құдайбергенов, Кентау трансформатор зауытының атқарушы директоры:

Жылда әр салаға жаңа өнім шығарамыз. Темір жолға, мұнай саласына, тау-кен өндірісіне жаңа трансформаторлар жаймыз. Жылына трансформатор бойынша 15 түрлі өнім, подстанция бойынша 10-нан жоғары.

Елімізде 2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаваттық қуат көздері іске қосылады. Президент осыны ескере отырып, Жолдауда қуат өндіруден бастап оны таратуға дейінгі бүкіл тәсілдерді жетілдіруді үкіметке тапсырды. Өңірдегі электр машиналарын жасау кәсіпорындарындағы жаңашылдық пен өндіріс қуатының артуы бұл істің үдесінен шығуға мүмкіндік бермек.


Хабарламаларға жазылу