55 мыңнан астам алматылыққа банк қызметін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін. Себебі, олар жеке мүлік салығын әлі төлемеген.
Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға 2 қазан күні төлем мерзімі аяқталатынын еске салды. Талапты орындамаған жағдайда банктен шот ашуға, аударым жасауға, несие рәсімдеу және басқа да қаржылық операцияларға шектеу қойылады. Шетелге шығуға да тыйым салынбақ. Әрбір кешіктірген күн үшін 1,25 есе айыппұл салынады. Бұл салық кодексінде жазылған.
Жалпы мүлік салығын жеке үйі, пәтері, саяжай, гараж және өзге де жылжымайтын мүлкі бар тұрғындардар төлеуі қажет.