Ә.Смайылов: Көмір бағасы бақылауда болуы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Смайылов: Көмір бағасы бақылауда болуы қажет

03.10.2022

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов халыққа көмірді жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауда тапсырды. Елімізде қаңтардан тамызға дейін қатты отынның 73,7 млн тонна қоры дайындалған. Көмірдің кеніштегі құны өткен жылғы деңгейде сақталған. Енді сату орындарында оның бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу керек. Бұл үшін үздіксіз тасымалдау мен автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге 6 айға шектеу қойылады. Сондай-ақ, көмірді маркет-плейс пен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары қаралып жатыр. Бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік береді.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу