ШЫҰ Халықаралық жастар форумының мақсаты қандай? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ Халықаралық жастар форумының мақсаты қандай? (ВИДЕО)

12.06.2017

Еуразияның 60 пайызын, әлем экономикасының шамамен үштен бірін қамтитын Шанхай Ынтымақтастық ұйымының өткен жұмада Астанада саммиті өтті. Сол үлкен саммитпен қатар Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Халықаралық жастар форумы да өтті. Бұл не форум? Мақсаты қандай? Бүгінгі «Басты тақырыпта» қонақта болған Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің Қазақстандағы ұлттық бөлімінің төрағасы Нұрлан Өтешев тақырыпты тарқатып айтып берді.

«Шанхай Ынтымақтастық ұйымы жанындағы Жастар кеңесінің өзіндік тарихы бар. 2009 жылы Екатеринбург қаласында осындай кеңесті құру жайлы шешім қабылданды. Осы алаңды біз ШЫҰ жастарының өзекті мәселелерді көтеретін алаң деп санаймыз. Кеңесте әр елден 1-2 ұйым мүше ретінде ұлттық бөлімді құрайды. Біздің елде оған «Жас Отан» жастар қанаты және Қазақстан Жастар конгресі мүше.

Осы форум аясында X жастар кеңесінің отырысы өткізілді. Жыл бойы бірнеше бағытта жұмыс жасалды. Ең алдымен, жастардың бір-бірімен қарым-қатынас құру жағына ықпал ету жұмысы.  Кеңес қызметі жобалық түрде ұйымдастырылады. Ең басты жобамыз – ШЫҰ Жастар картасы деп аталады. Ол карта процессинг, банк, идентификациялық бағытта көмек береді»,-дейді Нұрлан Өтешев.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу