«Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері». Осындай атаумен Астанада ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл шара Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өтеген Сейітовтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Өтеген Сейітов Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, 1 дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі болған. Ол бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан прокуратурасына арнап, саланы 18 жыл бойы басқарған.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ғылыми-практикалық конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/181738/)