Солтүстік Қазақстанда жаңадан салынған жолдардың 34 пайызы талапқа сай келмейді. Мұны Жол активтері сапасы ұлттық орталығының облыстағы мамандары анықтады. Олар жөнделіп жатқан жол учаскелерінен 600-ден астам сынама алған. Оның үштен бірінің нормативтік-техникалық құжаттары талапқа сәйкес келмеген. 149 инспекциялық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 115 олқылық табылды. Қазір оларды жою бойынша жұмыстар қолға алынды.
Жолдыбай Тентеков, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы облыстық филиалының директоры:
Жолды жөндеумен айналысып жатқан компаниялардың басым бөлігінің тәжірибесі, арнайы техникасы жоқ. Көбіне осы факторлар жол сапасына кері әсер етеді. Тексеріс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Табылған олқылықтарды мердігерлер өз есебінен жояды.
Эльмира Кәленова