Шымкентте 3 мектептің ғимараты талапқа сай келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 3 мектептің ғимараты талапқа сай келмейді

28.11.2023

Шымкентте 3 білім ошағының ғимараты талапқа сай келмейді. Біреуі апатты жағдайда. Көпшілігінде арнаулы кабинеттер атымен жоқ. Білім ұяларының алды 65 жыл бұрын салынған. 900-ге жуық бала білім алатын №2 мектептің спорт залы жертөледе орналасқан болса, ал №67 мектепте асхана, думан залы мүлдем жоқ. Физика, химия, биология кабинеттері, мультимедиялық-лингафондық кабинет және шеберханалар жетіспейді. Ал қыздарға арналған «Білім-инновация» лицей интернатында жатын орын тапшы. Әу баста балабақша үшін салынған нысанда қазір 240 оқушы білім алуда. Осы жағдайларды көріп танысқан қала басшысы 2 нысанға жаңа ғимарат салуды, үшіншісін аумағын ұлғайтуды тапсырды.

Тұрар Сауытов, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

Жаңадан типтік үлгідегі ғимарат салу үшін «Тұран» шағын ауданынан жер қарастырылып, мемлекет мұқтаждағына қайтару ісі жүріп жатыр. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы республикалық бюджеттен типтік үлгідегі лицей салуға ұсыныс берілетін болады.

Ғани Қалмаханов


Шымкент

Хабарламаларға жазылу