Астаналық тұрғын 20-қабаттан құлайын деп тұрған баланы құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық тұрғын 20-қабаттан құлайын деп тұрған баланы құтқарып қалды

20.09.2023

Бұл Нарұл Батырұлының кішкентай қызды құтқарып, жақындарына табыстаған сәті. Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 10 жастағы қыз терезеге ілініп тұрған. Тұрғындар жиырмасыншы қабаттан құлайын деп тұрған баланы көріп, жан-жақтан көмек іздей бастаған. Мұны естіген 25 жастағы сол үйдің күзетшісі бірден 20-қабатқа көтеріліп, қызды аман-есен алып шыққан. 

Нарұл Батырұлы:

Оны құтқару аса қиын болған жоқ. Бөлмеге кірген кезде өзі асылып тұр екен екі қолымен. Қолынан ұстап үлгердік, сол кезде қолынан ұстап үлгеріп. Онда қиын болған решетке бар екен. Сол решетканы сындыру арқылы ішке бері қарай кірігізіп алдық.


Хабарламаларға жазылу