Астанада баспана құрылысына шектеу қойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада баспана құрылысына шектеу қойылуы мүмкін

19.09.2023

Астанада баспана құрылысына шектеу қойылуы мүмкін. Себебі, қаланы су, жылу, жарықпен қамтамасыз ететін инфрақұрылым жетіспей жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді.  Оның сөзінше, шектеу инженерлік желілер салынып біткенге дейін жалғасуы тиіс. Ал құрылыстың азаюы баспана бағасына әсер етпейді дейді министр. Себебі, бүгінде инфляциялық қысым төмендеген. Әрі тиімді ипотекалық бағдарламалардың азаюынан қалада үйге сұраныс азайған.

Хабарламаларға жазылу