Сарапшылар: Президент сапары жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Президент сапары жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

19.09.2023

Президенттің АҚШ-қа сапары тұрақты сауда-саттықты талқылауға мүмкіндік береді. Сарапшылар пікірі осындай. Бұл тұрғыда Қазақстанның географиялық әлеуеті де айтарлықтай жоғары.

Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы:

Бұл жерде біздің Орталық Азия аймағының географиялық орналасуына байланысты көп көңіл бөлініп отырғанын ескеру қажет. Біз мұны өзіміздің пайдамызға жаратуға күш салуымыз керек. Яғни, Орталық Азия, Қазақстан арқылы солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстырады. Әрине, оларды дамыту үшін өзге елдермен бірлесіп әрекет етуіміз қажет.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу